ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Алматыда Азия аймағы елдеріүшінқұрғақ құрылыс қоспалары «BALTIMIX Asia 2019»II Халықаралық конференциясыөтті.

2019 жылы 29-30 сәуірде Алматыда «Орман ертегісі» («Лесная сказка») тау курортында Азия аймағы елдері үшін құрғақ құрылыс қоспалары «BALTIMIX Asia 2019» II Халықаралық  конференциясы өтті.

Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті КВИНТЕТ агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының, сондай-ақ Санкт-Петербург Мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің ғылыми қолдауымен өтті.

«BALTIMIX Asia 2019» конференциясы алдыңғы қатарлы теориялық білімдер мен үздік әлемдік басқару және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру саласындағы кәсіпорындардың озық тәжірибелерін шоғырландыратын диалогтық алаң болды.

«BALTIMIX Asia 2019» конференциясында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі Құралбек Қызғарин Қазақстан Республикасы нарығына түсетін құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын негізгі стандарттар мен талаптар туралы баяндама жасады.

Құралбек Қызғарин құрғақ құрылыс қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер, нормативтік құжаттар мен стандарттар туралы, сондай-ақ құрылыс өнімдерінің міндетті сертификаттау ережелері туралы айтып берді.

Конференция барысында құрғақ қоспаларды өндіру және іске асырудың барлық негізгі процестері бойынша сөз сөйлеулер болып, Орта Азия елдері нарығын дамытудың мәселелері мен болашағы, Қазақстан Республикасының шикізат базасында құрғақ құрылыс қоспаларын жергілікті өндіру ерекшеліктері баяндалды. Танымал сарапшылар соңғы ғылыми әзірлемелерді негізге ала отырып, құрғақ құрылыс қоспалары өндіру мен пайдаланудың жаңа технологиялары туралы айтты. Конференция шеңберінде қатысушылар құрғақ құрылыс қоспаларын сынауға арналған WACKER MYLAB мобильді зертханаға барды.

Халықаралық деңгейдегі осындай іс-шараларды өткізу, міндетті түрде біздің елде халықаралық сапа стандарттарын енгізуді жандандыруға ықпал етіп, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер үшін бәсекеге қабілеттілікті нығайтып, іс-жүзіндегі өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын, яғни жалпы Қазақстан Республикасының экономикасын арттыру жөніндегі басымдықтарды айқындайды.