ШҚО бойынша ТРМКД медициналық мекемеде өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде ШҚО бойынша ТРМКД мамандары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында» өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс кездесуінің мақсаты Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдарын тексеру бөлігінде түсіндіру, сондай-ақ міндетті метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркеуге жататын өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану болып табылады.
Департамент мамандары медициналық орталықтың ауруларды диагностикалау мен емдеуді метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларына ауруларды диагностикалау мен емдеудегі өлшеу медициналық техникасының ұлттық заңнама талаптарына сәйкестігінің маңыздылығы туралы түсіндірді.
Алыс және жақын шетелдерден әкелінетін өлшеу құралдарын пайдалануға беру және қолдану, өлшеу құралдарының типін бекіту рәсімін жүргізуге және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізуге қатысты мәселелер қозғалды.
Мерзімді тексеру жүргізу мүмкін болмайтын, сақтағаннан кейін өлшеу құралдарын тексеру;
- өлшеу құралдарын, сондай-ақ жиынтығында өлшеу құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау кезінде өлшеу құралдарына кезектен тыс тексеру жүргізу;
- ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары тек пайдалану кезінде ғана емес, жөндеуден кейін де міндетті тексеруге жататынына қатысты проблемалық мәселелері талқыланды.