Алматы облысындағы аккредиттеу субъектісінде тиісті зертханалық практика қағидаттары туралы тусіндіру жумысы өтті

Қарасай өңірінің аумағында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары «Антиген» ЖШС ғылыми -өндірістік кәсіпорнының сынақ орталығының ұжымында жұмыс кездесуін өткізді.
Сынақ орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде ГОСТ ИСО / МЭК 17025-2019 талаптарына сәйкестігі аккредиттелген, No KZ.T.04.0183 аккредиттеу куәлігі бар аккредиттеу субъектісінің бірі.
Сынақ орталығының құрамына 8 зерттеу зертханасы кіреді: физикалық -химиялық зерттеу әдістері, микробиологиялық зерттеулер, биомедицина және жасушалық биотехнология, вирусология, паразитология, пробиотиктер, молекулалық биология, қоректік орталар мен қосалқы ерітінділер, сондай -ақ вивариум.
Кездесу барысында тиісті зертханалық практика қағидаттары мәселелері талқыланды. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңға сәйкес: тиісті зертханалық практика қағидаттары – клиникаға дейінгі зертханалық зерттеудің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде адам денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі саласында клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне, жүргізу және бақылау тәртібіне, осындай зерттеулердің нәтижелерін ресімдеуге, архивтеуге және ұсынуға қойылатын талаптар жүйесі.
Аталған Заңның 16- бабына сай тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мониторингінің бағдарламасына енгізілген зертханалар қолданатын рәсімдер мен нормативтерге тексеру жүргізу мақсатында, зертханалардың тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік дәрежесін бағалау және бастапқы деректер мен жазбаларды зертханалардың аралық және қорытынды есептеріндегі деректермен және жазбалармен салыстыру үшін жүзеге асырылады.
Зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мониторингінің жүргізу функциясы мемлекеттік монополия субъектісіне жүктелген.
Мемлекеттік монополия субъектісі аккредиттеу органы ретінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіреді, ал оның қызметі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген.
Сынақ орталығының қызметкерлері сонымен қатар аккредиттелген субъектілердің қызметіне мониторинг жүргізу мәселелерін, аккредиттеу шеңберінде жұмыстарды жүргізу құқықтары мен міндеттерін көтерді. Аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі келісімдердің шарттары, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі талқыланды.