КООМЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ТК 3.1 «САПА ФОРУМЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТІ»

«ҚазМетрИн» РМК делегациясы Босния және Герцеговина ұлттық метрология институтында ТК 3.1 «Сапа форумының техникалық комитеті» 23-отырысына қатысады.
Отырысқа мына 11 елдің: Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Германия, Грузия, Босния және Герцеговина, Литва, Өзбекстан, Молдова мен Украинаның өкілдері қатысады.
Отырыста Сара форумының ТК 22-отырысының хаттамасын бекіту, сондай-ақ КООМЕТ СФ ТК отырысының нәтижелері туралы мына:
- СМЖ бойынша КООМЕТ ҰМИ-дың жылдық есептерін қарау және талқылу;
- КООМЕТ Сапа форумының техникалық комитетінің құжаттарын өзектендіру туралы мәселелерді талқылау;
- peerreview КООМЕТ-тің одан арғы кестелерін келісу;
- СФ ТК одан арғы отырыстарыныңжәне ҰМИ-тың сапа жүйесін презентациялау кестесін келісу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ 2016 жылға арналған «ҚазМетрИн» РМК жылдық есебі талқыланды және мақұлданды.