АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАҢТАРЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАҢТАРЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент өкілдері келіп «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациядан өтуі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді

Өткізу кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент өкілдері «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациядан өтуі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі уақытта өткізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін аттестаттау өткізіледі, бұл аттестаттаудың өткен жылдардағы аттестаттаудан айырмашылығы, ол бір реттік болып келеді және кешенді сипатқа ие. Тиімді жұмыс үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің нақты бір лауазымға құзіреттілігі бағаланады.

Аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Аттестаттаудан әлеуметтік әлсіз топтарға жататын қызметкерлер өтпейді. Оларға демалыстағы декреттік қызметшілер, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар мен әкелер жатады.

Сонымен қатар аттестаттаудан зейнетақы жасындағы қызметкерлер өтпейді. Олар: 56 жастағы әйелдер мен 61 жастағы ер адамдар, «А» корпусында резервте тұрған және мемлекеттік қызметке тұрғанына 6 айдан аз уақыт болған қызметкерлер аттестаттаудан өтпейді.

Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттау кезінде алғаш рет қызметшілердің жеке қасиеттерін бағалау, кәсіптік дайындығының деңгейін анықтау, қызметшілердің шамасын айқындайтын ары қарай дамытуға және мансаптық жоғарылауын тестілеуден өтеді.