АНОНС

 АНОНС

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 Кеден одағы техникалық регламенті күшке енуіне бір жылдан асты.

Осы уақыт аралығында айқын тәжірибе алынды және КО ТР 018/2011 жүзеге асыруға байланысты мәселелі сұрақтар туындады.

Соған байланысты, техникалық регламентті тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті  2016 жылғы 31 наурызда Алматы қаласында «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламенті. Қолдану тәжірибесі. Проблемалық сұрақтары» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.

Семинар-кеңеске қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті, техникалық реттеу саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық кеңес мүше-мемлекеттерінің бизнес-бірлестіктері өкілдері шақырылды.

Семинар-кеңес Алматы қаласы, Абай көшесі 8, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің бас корпусының 84 кабинетінде өтеді.

Барлық ақпараттар бойынша 8 (7172) 79-33-52 А.С. Теңізбаев, 8 (7172) 22-65-34 М. Чаяхметова телефондары бойынша хабарласыңыздар.