ФЕРРОСИЛИКОНДЫ МАРГАНЕЦ ПЕН ЭЛЕКТРОДТЫ МАССАНЫ ӨНДІРУШІСІМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

ФЕРРОСИЛИКОНДЫ МАРГАНЕЦ ПЕН ЭЛЕКТРОДТЫ МАССАНЫ ӨНДІРУШІСІМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

2018 жылдың 17-тамызында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен ферросиликонды марганец пен электродты массаны өндіруші  «Тараз металлургия зауыты»  ЖШС-мен кездесу өтті.

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС-гі  Қазақстан Республикасында динамикалық тұрғыда дамушы әрі келешегі бар зауыттардың бірі. Қазақстандық ферросиликонды марганец пен электродты массаны өндіруші ірі кәсіпорындардың қатарына кіреді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты кәсіпорынға техникалық реттеу,  метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелерін шешуге қолдау көрсету, сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» көрсеткішін жақсарту бойынша шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Кездесу барысында кәсіпорынның ферросиликонды марганец пен электродты массаны өндіру кезінде өлшеу құралдарын пайдалану, өнімді міндетті және ерікті сертификаттау, сынақ зертханасын аккредиттеу мәселелері талқыланды.

Кездесуде ашық диалог болып,  пікір алмасылды. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, өнімді каталогтау, өнімді таңбалау, өнімнің сәйкестігін бағалау сияқты жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.

 

Рабочая встреча с производителем ферросиликомарганца и электродной массы

Рабочая встреча с производителем ферросиликомарганца и электродной массы

Рабочая встреча с производителем ферросиликомарганца и электродной массы