АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

2018 жылдың 4 және 6 қыркүйек аралығында Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментінің мелекеттік инспекторларына арналған оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты - техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.

Бағдарлама аясында, «ҚазСтИн» Бас директордың орынбасары Еркежан Әмірханова ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеу саласындағы заңнамадағы жаңалықтар, жаңа шешімдер, техникалық реттеу саласындағы ЕЭК өкімдерімен таныстырды.

«НЦА» ЖШС бағдарламашысы Андрей Ким Қазақстан Республикасы мен ЕЭК мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын ұсынды.

Семинар жұмысын Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы Жанболат Алмазов жалғастырып, өнімнің (тауарлардың) тамақ өнімдерін шығаратын кедендік аумаққа кіру тәртібі туралы ережемен таныстырды.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, нормативтік-құқықтық актілер аясында тексеру іс-шараларына қатысты жүргізу тәртібі туралы таныстыру үшін Астана қаласы бойынша ҚР БП ҚСжАЕАЖК бастығының м.а. Жомарт Оспанов шақырылды.

Сонымен қатар тыңдаушыларға «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» ҚР Заңы және «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңы түсіндірілді.

Семинар қорытынды бойынша мемлекеттік инспекторларға сертификат табысталды.