Қазақстан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті атынан стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға қатысуды жандандырады

Жарияланған күні: 10 қараша 2022

Қазіргі уақытта ISO Кеңесіне және ISO техникалық басқару бюросына кіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл саясатты және негізгі шешімдерді қалыптастыруға қатысуға, ұйымның өзекті мәселелерін шешуде ұлттық мүдделерді ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық стандарттардың жаңа 3 жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізді. Электротехникалық өнімдерді сынау нәтижелерін танудың жаһандық жүйесіне қосылуды пысықтау басталды.