Жиі қойылатын сұрақтар
Іздестіру жұмыстары кезінде пайдалы қазбалардың көріністерін анықтау, олардың болжамды ресурстарын P2 және P1 санаттары бойынша бағалау және оларды одан әрі зерделеудің орындылығын анықтау мақсатында бассейндер, кен аудандары, тораптар мен өрістер зерделенеді. Бағалау кезеңінде бағаланған болжамды ресурстары бар пайдалы қазбалардың көріністері зерттеледі. Нәтижесінде көріністер мен кен орындарын геологиялық зерттеу және геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ өнеркәсіптік қызығушылық тудырмайтын көріністерден бас тарту жүргізіледі. Қорларды бағалау С2 және С1 санаттары бойынша жүргізіледі, P1 санаты бойынша аз зерттелген учаскелер бойынша өткізіледі.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару нысанын таңдауға және оны өзгертуге ерікті. Бұл талап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47-бабының 2-тармағында бекітілген.
Көппәтерлі тұрғын үйде басқарушы компания болған жағдайда да, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті.
Осыдан кейін, егер меншік иелерін қолданыстағы басқарушы компанияның қызметі қанағаттандырса, олар онымен кондоминиум объектісін басқару туралы шарт жасаса алады немесе оның қызметтерінен бас тарта алады.
Мысалы, меншік иелері үйді МИБ арқылы басқару туралы шешім қабылдап, кондоминиум объектісін басқару функцияларын жүзеге асыру үшін басқа ұйымды тартуға құқылы.
Бұған дейін құрылыс салушы құрған басқарушы компанияның болуы меншік иелерін кондоминиум объектісін басқару нысанын өз бетінше айқындау құқығынан айырмайды.
Кондоминиума объектісін басқаруда барлық шешім меншік иелерінің жалпы жиналысымен шешіледі.
ПИК-ті тіркеу (қайта тіркеу) ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін:тікелей бірлесіп басқаруды немесе мүліктің меншік иелері бірлестігін таңдауға міндетті. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың саны отыз алтыдан аз көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқару жүзеге асырады.
Мысалы, құрылыс салушы үйді басқарушы компанияның басқаруына берді. Соған қарамастан, меншік иелері қоныстанғаннан кейін жиналыста Заңда көзделген басқару нысандарының бірін таңдауға құқылы.
Егер авариялық жағдай жалпыүй инженерлік жүйесінде бірінші ажырату құрылғысына дейін, сондай-ақ пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы алғашқы түйіспелі қосылыстарға дейін орын алса, онда кондоминиум объектісін басқару органы немесе Басқару субъектісі бірлесіп жауапты болады. Егер апаттық жағдай пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың ішінде жалпыүйлік инженерлік жүйеге дейін болған жағдайда, онда пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі жауапты болады.
Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрықпен бекітілген Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) реттеледі.
Аталған қызмет бойынша өтініш minerals.e-qazyna.kz Жер қойнауын пайдаланушылардың біріңғай платформасында қарастырылады, қарастыру уақыты 20 жұмыс күнін құрайды.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге Лицензия Геологиялық түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарды, сондай-ақ жер асты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу мақсатында беріледі.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алуға мүдделі адам жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш (ҚР ИДМ 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығы) береді. Өтінішке құжаттардың көшірмелері және жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспары және (немесе) "жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 қағидаларға сәйкес өтініш беруші әзірлеген және бекіткен жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы қоса беріледі.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде қарайды және олар толған кезде лицензия береді.
ҚР Салық кодексінің 725-бабына сәйкес ЖҚГЗ лицензиясын алған тұлға лицензияны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде 50 АЕК мөлшерінде қол қою бонусын төлейді.
Лицензия иеленушінің аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу жағдайларын қоспағанда, мұндай адамның келісімінсіз пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру үшін басқа тұлғаға пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқығы жоқ.
Қабылдау-тапсыру актісі бойынша кұрылыс салушы құжаттарды кондоминиум объектісін басқару нысанына немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісіне немесе тұрғын үй инспекциясына беруге міндетті.
Тауардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларға жатқызуды/жатқызбауды айқындау үшін электрондық үкіметтің egov.kz немесе еlicense.kz порталдарында «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметті алуға өтініш нысанын толтыру қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оның құжаттарының тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 394 бұйрығымен бекітілген.
Өтініш берушінің келесі құжаттарды ұсынуы бұйрыққа сәйкес көзделген: 1) қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) мәліметтер нысаны; 3) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау (оларды орындауға арналған техникалық тапсырма не жұмысты, көрсетілетін қызметті сипаттайтын өзге де материалдар); 4) көрсетілетін қызметті алушыда бар және мемлекеттік қызметті көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін техникалық құжаттаманың (конструкторлық, технологиялық, пайдалану, бағдарламалық) электрондық көшірмесі не өзге де құжаттар (мәліметтер); 5) тауардың фотосуреттері (бар болса).
Сондай-ақ, ұйымның (өтініш берушінің) қолымен немесе мөрімен расталған дайындаушы зауыттың фирмалық бланкісінде техникалық құжаттаманы ұсыну қажет, өтініш беруші ұйымның бланкісінде жасалған құжатты ұсынуға жол беріледі. Бұл ретте техникалық сипаттамалар туралы ақпарат уәкілетті тұлғаның қолымен және осы ұйымның мөрімен, сондай-ақ мәлімделген позициялар туралы ақпаратты қамтитын сәйкестік сертификаттарымен (бар болса) куәландырылуға тиіс. Тауардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларға жатқызған жағдайда, тауарды әкету/әкелу үшін egov.kz немесе еlicense.kz электрондық үкімет порталында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына/экспортына лицензия алу қажет, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына/экспортына лицензия алу үшін, өтініш нысанын толтыра отырып «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығымен сәйкес құжаттар тізбесін бекіту қажет.