Жиі қойылатын сұрақтар
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16 сәуірдегі 1997 жылғы № 94 Заңының (ары қарай мәтін бойынша-заң) 74 бабының негізінде, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында (67-бап) көрсетілген санаттарға жататын, соңғы 5 жылда ҚР бойынша тұрғын үйі жоқ және табысы отбасының барлық мүшелеріне 3,1 еселік ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, осы елді мекенде тұрақты тұратын (Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларында кемінде 3 жыл) ҚР азаматтарына алуға болады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес әрбір үйде мүліктің меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) автоматты түрде таратылуына әкеп соқпайды, өйткені 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ПИК-тің өтпелі ережелері анықталған, бұл ПИК-тің басқарушы немесе сервистік компаниялар болып қайта ұйымдастырылуына және жаңа мәртебеде тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, алайда егер олар МИБ немесе жай серіктестікпен таңдалған жағдайда ғана және жасалған шарт негізінде ғана.
Елдің тұрғын үй қорының тұтынылатын ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері бүгінгі күні өзекті болып табылады. Бұл мәселені шешу саланы толық приборландыру ықпал етеді,ол халықтың су және энергетикалық ресурстарды тұтынуын есепке алу деңгейін арттыруға, сондай-ақ ресурстарды тұтынуды жеке реттей отырып, «ақылды үй» жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Негізінен, ұсынылатын қызметтер табиғи монополиялар саласына жатады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2- тармағының 30) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілген Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алуға және тұтынушыларға орнатуға міндетті. Осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тұтынушының есепке алу аспаптары болуға міндетті.
Осыған байланысты табиғи монополия субъектілері тұтынушыларды толық жинақтау жөніндегі заң нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген нормалар жүзеге асыру шараларын орындалуын бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесімен (СҚҚК-1) ҚР ИИДМ сайтында танысуға болады
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың мәтінімен Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының сайтында танысуға болады (egfntd.kz).
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 16270 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 190-нқ бұйрығына сәйкес АТШ уәкілетті жергілікті атқарушы органмен келісіледі.
Жөндеу жұмыстарының ықтимал түрлері «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚН 1.04-26-2011* құрылыс нормаларында келтірілген.
Кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелерін келесі мемлекеттік нормативтер реттейді (ҚР Құрылыс нормалары және Ережелер жиынтығы):
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар қолжетімділігі»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Теміржол вокзалдарын жобалау»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Әуе вокзалдардың ғимараттары»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Метрополитендер»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Мүгедек балаларға арналған үйлері мен интернаттар»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Мүгедектер мен қарттарға арналған интернат үйлері»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Мектепке дейінгі білім беру объектілері»
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Жалпы білім беру ұйымдары»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Мәдени-ойын-сауық мекемелері»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Көп пәтерлі тұрғын ғимараттар»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Автомобиль тұрақтары»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Ашық спорт имараттарын жобалау»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Жабық спорт залдары»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Көп функционалды ғимараттар мен кешендер»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Қоғамдық тамақтандыру объектілері»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Бөлшек сауда кәсіпорындары»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру»,
ҚР ҚН және ҚР ЕЖ «Өндірістік ғимараттар».
2021 жылы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны үшін әкімшілік жазаны бес есеге дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-1-бабы).
Залал жүз айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда қылмыстық жауаптылық артылады. Бұдан басқа, қылмыстық топ жасаған әрекеттер мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы).