Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Индустриялық өнеркәсіп

2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғары өңімді және экспортқа бағытталған өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыруға бағытталған индустриялық-иновациялық саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Оның іске асырылуы барысында өңдеуші сектор өнеркәсіптік өсудің негізгі драйверіне айналып, экономиканы әртараптандыру процесін бастауға қажетті базалық жағдайлар жасалды.

Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2010 жылғы 31,8%-дан 2019 жылы 39,4%-ға, ал 2020 жылы 48,8%-ға дейін артты. Өнім шығару көлемі осы кезеңде шамамен үш есеге өсіп, 3,8 трлн теңгеден 11,6 трлн теңгеге дейін жетті.Саланың қосылған құн көлемі де 2,5 трлн теңгеден 7,9 трлн теңгеге дейін үш еседен астам ұлғайды. 2010–2019 жылдары өңдеуші өнеркәсіптің нақты өсімі 38,5% болды, оған металлургия, түсті металлургия, тамақ өнімдері өндірісі, химия өнеркәсібі және металл емес минералдық өнімдер өндірісі сияқты дәстүрлі салалар ықпал етті.

Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлері шығарыла бастады: жүк және жолаушылар вагондары, электровоздар, автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, трансформаторлар, рентген аппаратуралары, жарықдиодты жабдықтар, титан құймалары мен слябтары, сондай-ақ түрлі фармацевтикалық өнімдер. Сонымен қатар халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті өнімдер қатары кеңейді: мыс бұйымдары, аккумуляторлар, радиаторлар, сусындар, кондитерлік өнімдер және басқа да қайта өңделген тауарлар елдің экспорттық әлеуетін нығайтты.

2018–2023 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығару көлемі айтарлықтай артты. 2023 жылғы көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық жоғары болды. Өсімге ең үлкен үлес металлургия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және мұнай өңдеу салалары қосты. 2018-2023 жылдары өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлем индексі 24,4%-ға өсті, оның ішінде кейбір бағыттар жоғары қарқын көрсетті: автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі 5 еседен астам (542%) өсті, басқа да көлік құралдары өндірісі 271%-ға артты, фармацевтикалық өнімдер – 178,7%, резеңке және пластмасса бұйымдары – 157,2%. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс ИФО-ның 4%-ға өсуі негізінен жиһаз өндірісі (28,7%), машина жасау (28,2%), жеңіл өнеркәсіп (12,2%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (12,1%) және құрылыс материалдары өндірісінің (7,4%) өсуімен байланысты болды.

2024 жылы Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі 5,9%-ға өсті. Ең үлкен үлесті техника мен жабдықтар өндірісін ұлғайтқан машина жасау саласы қосты. Сол сияқты теміржол машина жасау, электротехника, қара және түсті металлургия, сондай-ақ химия өнеркәсібі де оң өсім көрсетті.

Документы
Тізілім
09 октября 2026
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындығы оқу орталықтарының Тізілімі
Тізілім
09 октября 2026
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындығы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Тізілімі
Бұйрық
17 сентября 2026
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
14.09.2026 жылғы № 455 Бұйрық «Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Бүгінгі таңда ЖЭО қаншалықты дайын және көмір тапшы бола ма?
Комплексный анализ обрабатывающей промышленности
Медиагалерея
1
Қазақстанда кірпіш шығаратын бірегей зауыт. "Жаңа кезең бағдарламасы"
1
Дневная смена. Новая программа льготного автокредитования
События
17 сентября
Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы және машина жасау мен металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме
22 сентября
Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы (2021)
21 сентября
Қазақстан машина жасаушыларының мерейтойлық X форумы
Реализуемые проекты
Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы
Перейти
ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Перейти
"YDD Corporation" ферроқорытпа зауыты
Перейти
Услуги
Организации
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Часто задаваемые вопросы
Тауарға Мемлекеттік сатып алудың ұлттық режимінен алып қоюды қалай белгілеуге болады?

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен бекітілген Қағидалармен регламенттелген.

Қажетті нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу үшін әзірлеуші мемлекеттік органның атына мынадай ақпаратты ұсыну қажет:

- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі;

- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі;

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болып табылатын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы.

Менің тауарым үшін лицензия алу қажет пе?

Тауарыңыздың лицензиялауға жататыны не болмаса жатпайтынын анықтау үшін eliсense.kz порталында «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну қажет.

Ресей Федерациясынан натрий цианидін әкелуге лицензия алу қажет пе?

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес натрий циандиді экспорттық бақылауға жататын өнімге жатады. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №300 Заңының 9-бабына сәйкес өнімнің экспорты мен импорты лицензия негізінде қорғалады.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы