Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департамент:

  • Екі жақты, көпжақты ынтымақтастық және хаттама басқармасынан;
  • Интеграция және халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасынан тұрады.

Мақсаты:

Министрлік реттейтін салаларда екі жақты және көп жақты негізде сыртқы экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттемелері:

1) Департамент:

Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Министрлікке өкілдік етуге;

Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, оған бағынысты мекемелерден, салалық ұйымдардан және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін халықаралық іс-шаралар мен шетелдік іссапарлардың қорытындылары бойынша қорытынды және ұсыныстармен сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде есептер мен хаттамалар және басқа да ақпараттар бойынша  қажетті сапалы ақпаратты сұратуға және алуға;

халықаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болмаған және/немесе сапасыз пысықталған жағдайда келісуден бас тартуға;

Министрліктің басшылығын сыртқы экономикалық ынтымақтастық шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұстанымдар мен ақпараттарды уақытылы емес және сапасыз пысықтау фактілері орын алған жағдайда хабардар ету;

басқа мемлекеттік органдар, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдармен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларға орнатылған тәртіппен қатысу;

Қазақстан Республикасы СІМ-нің 005 «шетелдік іссапарлар» және 006 «өкілдік шығындар» бағдарламалары бойынша Министрліктің ақшалай қаражатын үйлестіруді және бөлуді жүзеге асыру;