Логотип

Меню

Страницы

Статья

Press Festival “Asker Media – 2023” Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскер Медиа – 2023» баспасөз фестивалі  туралы ЕРЕЖЕСІ

 

«Әскер Медиа – 2023» баспасөз фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль, жыл көрсеткіші марапаттау рәсімі өткізілетін жылға сәйкес келеді) жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ұйымдастырады.

Бұл әскери тақырыпты қамтуға маманданған бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасудың бірегей платформасы.

Фестиваль келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, қазақстандық әскердің қызметін БАҚ-та сапалы және объективті жариялау;

- әскери журналистиканы дамыту және телевизиялық, баспа және электрондық БАҚ-та бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру;

-   әскери тақырыпты қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу платформасын құру;

- Қазақстан армиясы туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, әскери қызмет пен әскери дәстүрлердің беделін жұртшылық арасында насихаттау және арттыру;

- Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қоғамдық назар аудару.

Фестивальді ұйымдастырушылар және өткізу орны

  1. Фестивальдің ұйымдастырушысы - ҚР ҚМ.
  2. Фестиваль лауреаттарын марапаттау рәсімі Астана қаласында Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өтеді.
  3. Фестиваль ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді:

- конкурс шарттары туралы ақпаратты жұртшылыққа және фестиваль қатысушыларына жеткізуді;

- барлық қатысушылар үшін тең жағдайлар жасауды;

- фестивальді дайындауға және өткізуге байланысты іс-шараларды кеңінен жариялауды;

- конкурс туралы ақпаратты ҚР ҚМ ресми сайтында www.mod.gov.kz және әлеуметтік медиа беттерінде; орналастырды;

- лауреаттарды марапаттауды;

- фестиваль нәтижелерінің ресми жарияланған күніне дейін құпиялылығ сақтауды.

 Фестивальдің тақырыбы мен қатысушылары

  1. Фестивальдің мәні шетелдік, орталық және өңірлік (жергілікті) баспа, аудио және электрондық БАҚ-та орналастырылған материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметіне арналған әлеуметтік желілер мен блогтарда жарияланған авторлық материалдар болып табылады.
  2. Фестивальге қатысуға 2023 жылғы 15 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Қарулы Күштердің қызметі туралы материалдар жариялаған отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, блогерлер (бұдан әрі – қатысушылар) шақырылады.

Фестивальдің барысы

 Фестивальге қатысу үшін конкурстық іріктеуден өтетін өтінімдер қабылданады. Үміткерлер ұйымдастырушылардың атына өтінім жолдау арқылы өзін-өзі ұсыну қағидаты бойынша фестивальге қатысатынын мәлімдейді. Фестивальді ұйымдастырушылар БАҚ өкілдеріне, редакциялардың штаттық және штаттан тыс қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа елдердің азаматтарына фестивальге қатысуға бастамашыл түрде ұсыныс жасау құқығын өзіне қалдырады. Фестиваль Номинациялары:

«Бес қару»- үздік телевизиялық бағдарлама үшін;

«Дауылпаз» - үздік радиобағдарлама үшін;

«Алдаспан» - баспа БАҚ-тағы үздік материал үшін;

«Сөзсемсер» — ақпарат агенттігіндегі үздік жұмысы үшін;

«Рауан» - Үздік фотожұмыс үшін;

«Қамшыгер» - әлеуметтік желілер мен блог-платформалардағы үздік жұмысы үшін;

«Ділмар» — үздік әскери шолушы;

«Жас өркен» - үздік жас журналист.

 

Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар

 

Фестивальге қатысу және өтінім беру тәртібі

 

7. Фестивальге қатысушылар ҚР ҚМ атына қажетті материалдарды қоса бере отырып, нысанды толтыру арқылы өтінім береді.

8. Ұсынылған материалдар келесідей сипатталуы керек:

- жоғары кәсіби деңгейімен;

- тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығымен;

- тақырыптың аргументі мен ашылу тереңдігімен;

- аналитикалық тәсілмен;

- презентация тілінің мәнерлілігі, дәлдігі және нақтылығымен.

9. Фестивальге қатысу үшін келесі құжаттар (материалдар) ұсынылады:

1) конкурстық номинацияның атауымен, материалдың атауымен, шыққан күнімен, қысқаша аннотациясымен, автор туралы мәліметтермен (Тегі, Аты, Әкесінің аты, жұмыс орны, кәсібі, пошталық мекенжайы, телефоны және электрондық мекенжайы) немесе қатысуға өтінім бірдірген ұжымның (атауы, Электрондық мекенжайы, телефоны);

2) номинацияға байланысты:

а) үздік телевизиялық бағдарлама. Материалдардың бейнежазбалары mp4 файлында кемінде HD (1280Х720) рұқсатымен h264 оралған кодекпен, сканерленген эфирлік анықтамамен және интернет-ресурсқа сілтемемен ұсынылады. Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы керек:

- телеарнаның атауы және меншік нысаны (мемлекеттік, коммерциялық және т. б.);

- жаңалықты немесе өзге де бағытты көрсетілген атауы;

- телебағдарламаның (сюжеттің) шығу күні мен уақыты;

- бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- тақырып, жанр;

- басшының қолы, мөрі.

Ескерту: номинация тек телевизиялық бағдарламаларды қарастырады.

б) үздік радиобағдарлама. Радиобағдарламаның (сюжеттің) жазбалары сканерленген эфирлік анықтамамен және Интернет-ресурсқа сілтемемен беріледі. Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы керек:

 - радиостанцияның атауы және меншік нысаны (мемлекеттік, коммерциялық және т. б.);

- радиостанцияның хабар тарату жиілігі;

- жаңалықты немесе өзге де бағытты көрсетілген атауы;

- радиобағдарламаның (сюжеттің) шығу күні мен уақыты — бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- басшының қолы, мөрі.

в) баспа БАҚ-тағы үздік материал. Материалдар pdf форматында ұсынылады және анықтамамен бірге беріледі:

- басылымның атауы және тиесілігі (мемлекеттік, коммерциялық т. б.);

- жаңалықтар немесе өзге де бағытты көрсете отырып, материалдың айдарының (бөлімдерінің) атауы;

- материалдың шығу күні мен уақыты;

- басшының қолы, мөрі.

г) Ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс. Конкурс тақырыбы бойынша материалдарды баспа және электронды түрде іріктеу мақалаға сілтеме және мақала кескінінің скриншоты түрінде ұсынылады.

д) ең жақсы фото жұмыс. Түрлі-түсті және ақ-қара фотосуреттер электронды түрде (jpg форматы, кемінде 300 dpi ажыратымдылығы 2 Мб (1600*1200); фотосуреттің қысқаша сипаттамасы (тарихы) болкы мүмкін (мәтіннің 1 бетінен аспайды);

е) әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда үздік жұмыс. Әлеуметтік желілерде немесе блог-платформаларда жарияланымның немесе жазбаның мәтіні ұсынылады, оған міндетті түрде сілтеме көрсетіле отырып, скриншоттар электрондық түрде қоса беріледі.

ж) ең жақсы әскери шолушы. Кемінде ҚР ҚК туралы 2023 жыл ішінде дайындалған 5 материал ұсынылады. Конкурс тақырыбы бойынша материалдарды электронды түрде іріктеу мақалаға сілтеме, эфирлік анықтама немесе мақаланың бейнесі түрінде ұсынылады.

з) үздік жас журналист. Жарияланымның мәтіні ұсынылады, оған веб-мекенжайды міндетті түрде көрсете отырып, электрондық түрдегі скриншоттар немесе газетте (журналда) жарияланған материалдың скриншоты (фотосы) қоса беріледі.

  1. 10. Фестивальге қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 15 қыркүйектен 31 қазанға дейін электронды түрде қабылданады.
  2. 11. Өтінімді ұсына отырып, автор (ұйым) өздері жіберген материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық роялти төлемей, бұқаралық ақпарат құралдарында фестивальді жариялау, көрмелер, жарнамалау, әлеуметтік жарнама үшін коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға өзінің келісімін растайды.
  3. 12. Қатысушылар ұсынған материалдар рецензияланбайды, қайтарылмайды және төленбейді.
  4. 13. Фестивальге қатысу бойынша барлық шығыстар: Интернетке қол жеткізу, жеңімпаздарды марапаттау өтетін жерге жол жүру ақысы, тұру үшін тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар және басқа да шығыстарды қатысушы өз бетінше көтереді.
  5. 14. Егер фестиваль жеңімпазының марапатқа жеке келу мүмкіндігі болмаса, сыйлық оған пошта арқылы жіберіледі.

 

Фестивальдің конкурстық комиссиясы (қазылар алқасы)

 

  1. 15. Фестиваль қорытындысын шығару үшін Қорғаныс министрлігінде Конкурстық комиссия (қазылар алқасы) құрылады, оның құрамына әскери ведомство өкілдері, БАҚ, әскери журналистика саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер, белгілі медиа-тұлғалар кіреді.
  2. 16. Қазылар алқасы әр номинация бойынша іріктеу критерийлерін әзірлейді, қатысушылардың жұмыстарын тексеруді жүзеге асырады және фестиваль лауреаттарын марапаттауға қатысады.

Анықтама және кеңес беру үшін: 72-14-23, 72-11-58, 72-16-31.

 

Дата публикации
15 сентября 2023
Дата обновления
15 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Life situations
Useful information
03 июня 2025
The list of owners of state educational grants who have served the established term of military military service in the Armed Forces, other troops and military units of the Republic of Kazakhstan
Media library
12 апреля 2025
media coverage

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты