Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Комитеттің негізгі функциялары:

- өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеуші, іске асырушы және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы Қазақстан Республикасының басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;

- әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің және мемлекеттік қорғаныс тапсырысының әскери мақсаттағы жұмыстары мен әскери мақсаттағы қызметтерін отандық жеткізушілердің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныс тапсырысының тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыларға жеткізеді;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қаржыландыруды жүзеге асырады;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдерімен) және қос мақсаттағы тауарлармен (өнімдерімен) қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қос мақсаттағы (қолданылатын) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға сәйкестігін қамтамасыз етеді.