ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен әскери ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабы бөлімшелерінің шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелеріне шетелдік әскери делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарларын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдерін олардың құзыреті шеңберінде шетелдік қызметтік іссапарларға жіберу кезінде жәрдем көрсетеді.

Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және халықаралық-құқықтық құжаттарын әзірлейді, әскери саладағы халықаралық шарттардың, халықаралық әскери ынтымақтастық бағдарламаларының (жоспарларының) іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Әскери саладағы халықаралық шарттар, Халықаралық әскери ынтымақтастық бағдарламалары (жоспарлары) бойынша міндеттемелерді іске асыру үшін бюджет қаражатын жоспарлауды жүзеге асырады.