ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментіне мынадай міндеттерді орындау жүктелген:
Әскери бөлімдер мен мекемелердің нақты, шартты атаулары және тұрақты орналасу пункттері бойынша есебін жүргізу.
Қарулы күштерді жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды өрістетуді жоспарлауды ұйымдастыру және жұмылдыру дайындығы мен әскерлер дайындығының жай-күйін бақылау.
Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мерзімді әскери қызметтің жеке құрамымен жасақтауды ұйымдастыру.
Қарулы Күштер жеке құрамының санын есепке алуды жүргізу.
Жергілікті әскери басқару органдарында қызметті ұйымдастыруға басшылық жасау.
Реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу.