ҚР ҚК БШ Аумақтық қорғаныс департаменті

Аумақтық қорғаныстың көрсетілген міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындау үшін тағайындалған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып саналатын аумақтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен бөлімшелері – аумақтық әскерлері ұсталады.
Қызметтің мақсаты болып:
- аумақтық қорғаныс саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
- заңшығармашылық қызметі, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша үйлестіру;
- аумақтық қорғаныс бригадаларының жедел және жауынгерлік даярлығын, күнделікті қызметін ұйымдастыру;
- аумақтық қорғаныс бригадаларын жоспарлау және қолдану саналады.
ҚР ҚК БШ Аумақтық қорғаныс департаментінің негізгі міндеттері болып:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, Қарулы Күштер әскерлерінің түрлері мен тектерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен және ұйымдармен аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша үйлестіру мен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
2) Қарулы Күштердің аумақтық әскерлеріне өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы басқармасы және Қарулы Күштер десанттық-шабуылдауыш әскерлері қолбасшысы басқармасы арқылы жалпы басшылықты жүзеге асыру;
3) өз құзырет шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша нормативтік құқытық актілерді, жауынгерлік, жоспарлаушы және басшылық құжаттарды әзірлеу;
4) аумақтық әскерлер аумақтық органдарының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын ұстау бойынша іс-шараларға қатысу;
5) Қарулы Күштердің аумақтық әскерлер бөлімшелерінің арнайы немесе жұмылдыра өрістету іс-шараларын өткізуді бақылау;
6) Қарулы Күштердің аумақтық әскерлер бөлімшелерінің құрлымы мен санын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу саналады.