ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері

1999 жылдың шілде айында әскеритеңіз базасы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Теңіз бөлімдерінің құрамына кірді.
2003 жылдың 7мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы» №1085 Жарлығы шықты. Осы сәттен бастап Әскеритеңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты.
2010 жылдың ақпан айында еліміздің Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскеритеңіз күштерінің қолбасшысына Жауынгерлік Туды табыстады.
Каспии теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау.
Агрессордың шапқыншылығына лайықты тойтарыс беру, қарулы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға атсалысу.
Порттық аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қоса алғанда сулы аудандарды қорғау және күзету.
Суастыдиверсияға қарсы қорғаныс жүргізу.
Құрлықтағы әскерлердің қимылын теңізден қамтамасыз ету, теңіз десантын түсіруге жағдай жасау, әскерлер мен материалдық құралдарды тасымалдау, теңіз миналарын орналастыру.
Еліміздің ӘШҚ мүддесінде теңіздегі радиолокациялық бақылауымен бірге барлау қимылдарын жүргізу.
Халықаралық келісімдерге сәйкес бірлесе қорғану тапсырмаларын Каспий жағалауы мемлекеттерінің әскеритеңіз күштерімен бірге орындау.
Мұнай құйылған және басқа да азаматтық кемелерді шығарып салу.
Теңізде жүру қауіпсіздігін навигациялықгидрографиялық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен бірлесе теңізде іздестіруқұтқару жұмыстарын іске асыру.
Қарулы Күштердің бөлімдері мен құрамалары және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері, әскери құрылымдарымен бірлесе оқужаттығу тапсырмаларын орындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына табиғатты қорғау және бақылау міндеттерін орындау, сондайақ теңіздегі апат немесе экологиялық апаттың зардабын жою барысында көмек көрсету.