ҚР ҚК Құрлық әскерлері

1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Құрлық әскерлері
әскери басқару органдары;
өңірлік қолбасшылықтар;
әскер тектері;
арнайы әскерлер;
тыл;
оқу және резервтегі бөлімдерден тұрады.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің негізгі тапсырмаларына мыналар кіреді:
Агрессияға тойтарыс беру үшін әскерлердің әзірлігіне қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау.
Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау.
Мемлекеттік шекараның құрлықтағы бөлігін қорғау.
Бітімгерлік және басқа да тапсырмаларды орындау.