Егіншілік департаменті

Департамент міндеттері.
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы, тұқым шаруашылығы және сорт сынау саласындағы, өсімдік шаруашылығындағы және агрохимия саласындағы, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың және агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекциядағы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және кооперация саласындағы және суармалы егіншілік және мелиорация саласындағы мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және қалыптастыруға, органикалық өнімді дамытуға қатысу.
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы, тұқым шаруашылығы және сорт сынау саласындағы, өсімдік шаруашылығындағы және агрохимия саласындағы, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың және агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және кооперация саласындағы және суармалы егіншілік және мелиорация саласындағы нормативтік қамтамасыз ету.
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы, тұқым шаруашылығы және сорт сынау саласындағы, өсімдік шаруашылығындағы және агрохимия саласындағы, агроөнеркәсіптік кешенін техникалық қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы машина жасауды дамыту мәселелері бойынша, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және кооперация саласындағы және суармалы егіншілік және мелиорация саласындағы Министрліктің халықаралық ұйымдарға және сыртқы инвестициялық саясатқа қатысу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу.
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы, тұқым шаруашылығы және сорт сынау саласында, өсімдік шаруашылығындағы агротехнологияларды, агрохимияны дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау мен жоғарылату саласындағы, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың және агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және кооперация саласындағы және суармалы егіншілік және мелиорация саласындағы үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
тұқым шаруашылығы және сорт сынау саласының дамуын болжау;
маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
суармалы жерлерде мелиорацияның қазіргі заманғы әдістерін және су үнемдеу технологияларын енгізу;
суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына мониторинг жүргізу.