Мал шаруашылығы департаменті
Департаменттің міндеті:
мал шаруашылығын, оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын және акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы стратегияны айқындау, отандық және халықаралық өндірістің жай-күйіне мониторинг жүргізу және талдау, мал шаруашылығы мен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы болжамдау, мал шаруашылығы мен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы отандық және халықаралық инвестициялық жобаларды іске асыру және үйлестіру, мал шаруашылығы мен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы салалық бағдарламаларды, кредиттік өнімдерді әзірлеу), мал шаруашылығы және акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мониторингті жүзеге асыру, жұмысты үйлестіру, сондай-ақ мал шаруашылығы мен акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) дамуын мемлекеттік қолдауға және тиімділігін арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу);
асыл тұқымды мал шаруашылығы және жайылымдарды пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру;
мемлекеттің агроөнеркәсіптік және өңірлік саясатын, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу;
мемлекет саясатын, стратегиялық жоспарларды, аграрлық ғылым және білім беру саласындағы мемлекеттік, салалық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу.