Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және үйлестіру;
стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік, салалық бағдарламаларды қалыптастыру және үйлестіру;
стратегияны айқындау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және ауыл шаруашылығы кооперациясы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
мониторинг және талдау жүргізу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту;
әрбір облыстың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, өңірлерді дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен процестерін басқару жүйесінің даму деңгейін арттыру.