ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті

Әлеуметтік сала бюджеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Үкіметтің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері:

1) Денсаулық сақтау бюджеті басқармасы;

2) Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон бюджеті басқармасы;

3) Білім бюджеті басқармасы;

4) Ғылым бюджеті және дербес білім беру ұйымдарына нысаналы салымдар басқармасы; 

5) Мәдениет, ақпараттық кеңістік, спорт және дін бюджеті басқармасы.