Сарыарқа ауданының тұрғыны "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасының полиция қызметкері жедел уәкілі полиция капитаны Сейлбеков Серік проблемаларды шешуде және қызметтік міндеттерін адал атқаруда көрсеткен көмегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Елорда тұрғынының айтуынша, қызметкер Сейлбеков өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, жұмыста кәсібилік пен шапшаңдық танытты, сол үшін алғысын білдіреді.