Талдау, бақылау және көші-қон қызметтерін көрсету басқармасы
Талдау, бақылау және көші-қон қызметтерін көрсету басқармасы – ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің құрылымдық бөлінісі.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық үйлестірілуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
- көші-қон процестерін бақылауды, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
- көші-қон процестерін реттеу және бақылау саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
- халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органға көші-қон процестеріне жүргізілген мониторинг нәтижелерін ұсынады;
- өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді және жүзеге асырады.