Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)   Жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінде белгіленген нысандағы өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға құқылы болады.

Министрлікте аккредиттеуге өтініш берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінен құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған құжаттарды

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/21, блок С 4.2, мекен-жайында Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетіне ұсынады.

Телефон: 983-647.

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы