
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
Комитеттің міндеті: инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобалардың іске асырылу және мониторинг жүргізу шараларын қамтамасыз ету.
Комитет өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен инвесторларға консультация беру, көмек көрсету және «бір терезе» құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы инвестормен өзара іс-қимыл жасау, инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету, инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау және олардың талаптарының сақталуын бақылау, сондай-ақ т.б. функцияларын жүзеге асырады.