ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес
ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – ҚК) Министрлік коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
ҚК «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңына сәйкес 2016 жылғы наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен құрылды.
Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген, төртінші ҚК құрамы жұмыс істейді. Оның мерзімі үш жыл – 2028 жылдың 21 мамырына дейін.
ҚК құрамына Министрліктің 2 өкілі және жұртшылықтан, депутаттық корпустан, сараптамалық топтардан, құқық қорғаушылардан және ҮЕҰ-дан 23 өкілі кіреді («Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 1-бабының 7-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс). Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы А.С. Құспан – Қоғамдық кеңестің төрайымы болып табылады.
ҚК жоғарғы органы – Қоғамдық кеңестің отырысы.
ҚК қызметіне жедел басшылық жасау үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес Төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына ҚК төрағасы, Министрліктің уәкілетті өкілі, комиссиялардың/комитеттердің төрағалары, ҚК жекелеген мүшелері кіреді.
ҚК Төралқасының отырыстарына ҚК мүшелері емес Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатыса алады.
ҚК Төралқасы:
- ҚК комиссияларының/комитеттерінің жұмысын үйлестіреді;
- ҚК отырыстарын өткізуді дайындауды ұйымдастырады;
- ҚК қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
- ҚК ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 09 қазан 2025Пайдалы ақпарат2025 жылғы 29 қыркүйектегі ҚК отырысының хаттамасы
- 04 ақпан 2025Пайдалы ақпарат25 жылғы 30 қаңтардағы Қоғамдық Кеңестің хаттамасы
- 27 желтоқсан 2024ЕсепҚоғамдық Кеңестің 2024 жылғы қызметі туралы есебі