Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық Кеңестің 2024 жылғы қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің 2024 жылғы қызметі туралы

 

         ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық Кеңестің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес азаматтық қоғам, ғылыми және құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Кеңестің екі кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланған болатын.

         2024 жылғы маусымда өткен Кеңестің бірінші отырысында Кеңес мүшелерінің ҚР СІМ мен оның шетелдік мекемелеріне келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша жүргізген жұмысына қоғамдық мониторингтің нәтижелері туралы есептері тыңдалды.

         Кеңестің келесі отырысы 2025 жылдың қаңтарында өтеді. Кездесуде 2024 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылады.

         Есепті жылы Министрлікке келіп түскен Қазақстан азаматтарының өтініштерін қарау бойынша екі жоспарлы қоғамдық мониторинг жүргізілді.

         Қоғам белсенділерімен қазақстандық азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты 48 өтініш қаралды.

         Кеңес мүшелері мониторинг нәтижелері бойынша баяндамаларын дайындап, халықаралық қатынастар, көші-қон және инвестиция мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындады.

         Қазіргі уақытта қоғамдық мониторингтің екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Кеңес мүшелері ҚР азаматтарының 60 өтінішін қарастыруда:

  1. халықаралық қатынастар (20);
  2. сыртқы көші-қон (20);
  3. кәсіпкерлік (20).

         Қоғамдық мониторинг нәтижелері алдағы Кеңес отырысында тыңдалады.

         Сондай-ақ, биылғы жылдың басынан бері Қоғамдық Кеңес өз қызметі шеңберінде ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелерінің 72 НҚА жобасын (Президент жарлықтары, Заң жобалары, Үкімет қаулылары, Сыртқы істер министрлігінің бұйрықтары) қарастырып, ұсынымдар жіберді.

         Сонымен қатар Кеңес мүшелері қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру, оның ішінде «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындады.

Дата публикации
27 декабря 2024
Дата обновления
27 декабря 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы