ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті

ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірі  департаментінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының ҚХР, Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірі, Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерімен екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Азия – Европа» форумы, Азиядағы ынтымақтастық диалогы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы және Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі азиялық ұйым) дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыру.