ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті
ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаменттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен элементтерін әзірлеу, мемлекет және министрлік басшылығы үшін талдамалық шолулар мен болжамдар дайындау, оның қызметін жалпы жоспарлау болып табылады.
Өз міндеттерін іске асыру үшін Департамент:
- халықаралық ахуалға мониторинг жүргізуді, әлемдік экономика мен саясаттағы жаһандық трендтерді анықтауды, мемлекеттер мен өңірлерге мамандандырылған зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
- сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында талдамалық зерттеулер дайындау, сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжау және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу бөлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ қызметін үйлестіреді;
- шетелдік әріптестермен және сарапшылармен байланыс орнатады;
- Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге, іске асыру мониторингі мен есептілігіне жауапты болып табылады;
- ҚР Сыртқы саясат саласындағы орта және ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, мониторинг жүргізу және іске асыру бойынша есептілікке жауап береді;
- СІМ жүйесінде халықаралық ынтымақтастық бөлігінде Мемлекет басшысының Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасы, ҚР басқа министрліктерінің тұжырымдамалары мен жол карталары сияқты құжаттар шеңберінде тапсырмалар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.