Сычуань провинциясы Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Сычуань провинциясы Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Сиань қ., 2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев «Сычуань Бір белдеу, бір жол экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамыту қауымдастығының» төрағасы Линь Чжунцинмен және Шэньси-Сычуань -Чунцинь сауда палатасының атқарушы төрағасы Ян Цзикунмен кездесті.

Кездесу барысында, тараптар Қазақстан мен Сычуань аймағы  арасындағы әртарапты ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, экономикалық жобаларды іске асырумен қатар, жеке және орта бизнеске көрсетілетін қолдау амалдарын талқылады.

Бас консул Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы, сондай-ақ, ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды қолдау және отандық өнім өндірушілерді қолдау бойынша мемлекет тарапынан қабылданған заңнамалар туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында Сычуань өңірімен бірнеше жоғары дәрежеде іс-сапарлардың өткенін алға тартып, талқыланып келісілген бағыттарды нақты жүзеге асыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыс атқаруды  ұсынды. 

Өз кезегінде, қауымдастық төрағасы Линь Чжунцин палатаға мүше 3 (үш) мыңнан астам кәсіпорындардың Қазақстанның нақты инвестициялық жобалармен танысуын қамтамасыз ету үшін, тараптар, екі елдің ұқсас өнеркәсіп кәсіпорындары арасында іскерлік топтардың өзара делегациялар алмасуын ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, қауымдастықтың Орта Азия мемлекеттерінің тамақ өнімдерінің орталығын ү.ж. қыркүйекте іске қосатынын мәлімдеп, серіктестік орнатуға шақырды. Бас консулдық аймағына кіретін Сычуань провинциясында 84 млн. халық тұратынын ескеріп, қазақстандық тамақ  өнірушілері үшін үлкен мүміндік екенін айтты.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ықпалдастықты нығайту мақсатында кәсіпкерлердің екіжақты сапарын ұйымдастыруға келісті.

Байланысты материалдар: