Сиань және Астана: тікелей әуе қатынасы ашылды

Жарияланған күні: 08 тамыз 2023

Қытайдың Сиань қаласы мен Астана арасында алғашқы тікелей әуе қатынасы ашылды. Рейсті жергілікті оператор аптасына екі рет жүзеге асырады. Бас консул Жошыхан Қыраубаев атап өткендей, бұл оқиға жан-жақты стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларына сәйкес келеді. Сиань-көптеген Қытай әулеттерінің астанасы және Ұлы Жібек жолының шығыс шеті. Бүгінгі таңда қала мәдениеттің, білім берудің және өнеркәсіптің маңызды орталығына айналды. Бұл сондай-ақ жүктердің, соның ішінде Қазақстанға баратын логистикалық хаб. 

Жошыхан Қыраубаев, ҚР Сиань қаласындағы бас консулы:

-Тікелей әуе қатынасының ашылуы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында орын алды, сондай – ақ "Бір белдеу-бір жол"бастамасының онжылдығымен байланысты. Әрине, Сиань - Астана рейсінің ашылуы халықтар арасындағы өзара тығыз байланыстарға, мәдени, экономикалық және саяси байланыстардың одан әрі дамуына, шағын және орта бизнестің біртіндеп жандануына үлкен әсер етеді.