Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Шэньси провинциясының сауда басқармасы комитетінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Шэньси провинциясының сауда басқармасы комитетінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев Шэньси провинциясының сауда басқармасы комитетінің орынбасары Хуан Сюлинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Шэньси провинциясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Бас консул сұхбаттасушыны Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдаған заң қағидаларымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырып, екі елдің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті туралы пікірімен бөлісті.

Сондай-ақ, екі жақты экономикалық және сауда байланыстарын орнату, түрлі саладағы орта және жеке кәсіпкерлік деңгейіндегі жобаларды жүзеге асыру, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп дамытуға ықпал ету секілді  мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Бас консулдықтың базасында ашылған «Отандық өнімдер көрмесімен» таныстырды. Осы көрме негізінде экологиялық таза тағам өнімдерімен қытайдың сауда компаниялары тікелей танысып, әр бір өнімге арнайы жасалған QR кодты сканерлеу арқылы өндірушілермен делдалсыз қатынас орнатуына қолайлы жаңдай жасалғандығы аса қызығушылық туғызды.

Ақпарат: Отандық өнімдер көрмесі алғашқы пилоттық жоба ретінде  Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығында ү.ж. мамыр айында ашылып, отандық өнімдердің жергілікті нарыққа шығуына өз нәтижесін беруде.

Байланысты материалдар: