Калифорния штатындағы өрттерге байланысты және төтенше жағдай жарияланғандықтан, Лос-Анджелес аймағында жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Төтенше жағдай туындаған кезде ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығына хабарласыңыз: +1 (650) 741-8894.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жергілікті құтқару қызметтерінің нұсқауларын сақтауды сұраймыз.