Қазақстан мен АҚШ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен АҚШ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Біздің үнемі даму қарқынындағы серіктестігіміздің бір көрінісі ретінде Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті мен АҚШ-тың Геология қызметі (USGS) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум өңірлік геологиялық барлаудың озық технологияларын іс жүзінде қолдануға, геологиялық мәліметтер базасын құруға және геологиялық карта жасаудың озық халықаралық тәжірибесі мен заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін дамытуға, оның экономикасын әртараптандыруға және шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға мүмкіндік береді.