Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығы: әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығы: әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

2023 жылғы 1 наурыз – «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен«Әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктері жөніндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық» атты виртуалды дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара үшінші жыл қатарынан өткізілуде және екі ел үшін әйелдердің теңдігін, қауіпсіздігін нығайту және мүмкіндіктерін кеңейтуді ілгерілетуге арналған пікір алмасуды ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды.

Іс-шараның тақырыбы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың күн тәртібіндегі басымдықтармен және гендерлік теңдік негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған адам құқықтары саласындағы Қазақстан Республикасының алдағы шаралары туралы Президент Жарлығымен тығыз үйлеседі.

Іс-шараға «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Кеңесш-уәкілм Рауан Тілеулин, АҚШ Мемлекеттік хатшысының саясат жөніндегі көмекшісінің орынбасары, Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бюросы  Рафик Мансұр, Республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова, сондай-ақ «Шеврон» және «Кока-кола» компанияларының өкілдері қатысты.

Шараны ашқан АХҚО Бас директоры Е.Рысмағамбетов биылғы жылдың ақпан айында академияның алғашқы түлектері оқуын бітірді. Оқыту бағдарламасының арқасында қазақстандық кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті нарық қатысушылары бола алады.

ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің өкілі Р.Тілеулин Қазақстан 30 жыл ішінде гендерлік теңдік мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөліп, өз міндеттемелерін практикалық қадамдармен және заңнамалық нормалармен нығайтып келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ 2022 жылдың тамызында АХҚО жанынан ашылған 100-ден астам қазақстандық іскер әйелдерді кәсіпкерлік дағдыларға үйреткен Әйелдер кәсіпкерлігі академиясының жетекші рөлін атап өтті.

Отырыс барысында спикерлер әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті нығайту және кәсіпкерлікті ілгерілету саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығы негізделген нақты жобаларды, сондай-ақ  жақында аяқталған АҚШ Мемлекеттік департаменті бастамасын АХҚО жүзеге асырған «Кәсіпкер әйелдер академиясы» бағдарламасының маңыздылығын талқылады.