Елш Ашықбаевтың АҚШ Сауда палатасының Бас вице-президенті Хуш Чоксимен виртуалды кездесуі өтті.

Елш Ашықбаевтың АҚШ Сауда палатасының Бас вице-президенті Хуш Чоксимен виртуалды кездесуі өтті.

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия мәселелері жөніндегі Бас вице-президенті Хуш Чоксимен виртуалды кездесуі өтті.

Кездесу барысында АҚШ Сауда палатасымен Қазақстан мен АҚШ арасында сауда және инвестициялық ынтымақтастық үшін сәтті институционалды алаңы ретінде қол жеткізілген серіктестіктің деңгейі туралы конструктивті диалогы орын алды.

Сонымен қатар, алдағы Қазақстан-Америка Сауда және инвестициялық форумына дайындық барысы, Қазақстанға АҚШ Сауда миссиясы сапарының мерзімдері, сондай-ақ Қазақстанға қатысты Джексон-Вэник түзетуін алып тастау мен «әдеттегі сауда қатынастарын» орнатуға бағытталған бірлескен шаралар бойынша мәселелері талқыланды.