Консулдық және визалық мәселелер

Консулдық және визалық мәселелер

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:

Жұмыс уақыты:сағат 09:00-ден – 19:00 дейін (сағат 13:00-ден – 15:00 дейін түскі ас)

Құжаттарды қабылдау уақыты:сағат 09:00-ден – 13:00 дейін

Құжаттарды беру уақыты:сағат 15:00-ден – 19:00 дейін

Қабылдайтын күндер: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма

Қабылдамайтын күндер: сәрсенбі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

Егер мереке демалыс күндеріне сәйкес келсе, демалыс келесі аптаның бірінші жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының бекітілген ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1, 2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

30 тамыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

25 қазан - ұлттық мереке - Республика күні

16-17 желтоқсан - ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні

Мұсылман күнтізбесінде белгіленген құрбан айттың бірінші күні- демалыс күн.