Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2008 жылдан бері білім беру саласындағы екіжақты үкіметаралық келісім жүзеге асырылуда. Осы келісімге сәйкес, Моңғолия азаматтарына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін жыл сайын квота бөлінеді.

2010 ж.: Қазақстанда Моңғолия мәдениетінің күндері өтті.

2016 ж.: Моңғолияның Ұлттық кітапханасында «Қазақстан бұрышы» ашылды.

2019 ж.: Ұлан-Батыр қаласында Қазақ киносының күндері өткізілді.

2023 ж.: Ұлан-Батыр, Өлгей (Баян-Өлгей аймағы) және Ховд (Ховд аймағы) қалаларында Моңғолия қазақтарының IV Кіші құрылтайы өтті.

2024 ж. Ақпан.: Баян-Өлгей аймағынан келген балалардың би ұжымдары Астанада өткен «Қазақстан гүлдері – 2024» халықаралық өнер және би спорты чемпионатына қатысып, «Халық биі» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болды.

2024 ж. Шілде.: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің филолог-ғалымдары ауыз әдебиеті үлгілері мен халық әндерін зерттеу үшін Баян-Өлгей және Ховд аймақтарына ғылыми экспедиция ұйымдастырды.

2025 ж. 5–6 ақпан.: Өлгей қаласында, одан кейін 8 ақпанда Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның халық әртісі Р. Рымбаеваның концерттері өтті.

2025 ж. 22 наурыз.: Ұлан-Батыр қаласының орталық алаңында алғаш рет «Наурыз» мерекесі атап өтілді.

2025 ж. 8–12 желтоқсан.: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты өкілдерінің Ұлан-Батыр қаласына сапары өтті.

2026 ж. 13–14 мамыр.: Ұлан-Батыр қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі өтті.

Жарияланған күні

19 қараша 2024

Жаңарту күні

27 қазан 2026