Консулдық және визалық мәселелер

Консулдық және визалық мәселелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алдын ала жазылу бойынша және жедел қызмет көрсетусіз, онлайн брондау қызметі арқылы немесе 08-700 51 47 телефоны арқылы (08:30 - 11:30), сондай-ақ consul.stockholm@mfa.kz электрондық поштасы арқылы кезекті брондауға болады.   

Консулдық бөлімнің қабылдайтын күндер:

Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі және Жұма 08-30 дан 11-30 ге дейін

Құрметті азаматтар! Алдымен веб-сайттағы «Консулдық және визалық мәселелер» бөліміндегі көрсетілген ақпарат мазмұнымен танысуыңызды және сұрағыңызға жауап болмаған жағдайда консулдық бөлімнің операторына хабарласуыңызды сұраймыз.

Қоңыраулардың саны көптігіне байланысты, мүмкіндігінше өз сұрақтарыңызды consul.stockholm@mfa.kz электрондық пошта арқылы жіберуді сұраймыз. Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде 1-5 күн ішінде қаралып, оған толық жауап беріледі.

Егер Сіздің қауіпсіздігіне немесе нақты бір қауіп төндіретін төтенше жағдайларға тап болған жағдайда шұғыл түрде консулмен байланысуға болады.  Тел.: +46 -76 425 76 31 аталған нөмір Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған. Жедел телефон консулдық қызметтер (паспорт алу, виза алу, нотариаттық іс-әрекеттер және т.б.) туралы сұрауларға арналмаған.​

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

Егер мереке демалыс күндеріне сәйкес келсе, демалыс келесі аптаның бірінші жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының бекітілген ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1- 2 қаңтар - Жаңа жыл (5 қаңтар жексенбіден демалыс күні 3 қаңтар жұмаға ауыстырылады)

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз сенбіден 10 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады)

21- 23 наурыз - Наурыз мейрамы (наурыздың 22, 23 сенбі мен жексенбі 24, 25 наурыздың дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады)

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні 

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Жеңіс күні 

6 шілде - Астана күні (6 шілде жексенбіден 7 шілде дүйсенбіге ауыстырылады)

30 тамыз - Конституция күні (30 тамыз сенбіден 1 қыркүйек дүйсенбіге ауыстырылады)

25 қазан - Республикасының күні (25 қазан сенбіден 27 қазан дүйсенбіге ауыстырылады)

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні 

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады (ауыстырусыз).

2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға тура келеді.