Консулдық және визалық мәселелер
![]() |
Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулы: Әубәкір Дамир Айбекұлы Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.: (+65) 6536 6100 Ұялы тел.: (+65) 8977 9341 (тек төтенше жағдайларда) E-mail: info.singapore@mfa.kz |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау: сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін аралығында алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі. (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа)
Құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін
Мекенжайы:1 Kim Seng Promenade, 09-04/05 Great World City, East Office Tower, Singapore 237994
Телефон арқылы кеңес беру: сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін
Тел.: (+65) 6536 6100
Консулдық қызметтер мен құжаттардың мәртебесіне қатысты сұрақтар бойынша: info.singapore@mfa.kz Қазақстан Республикасы азаматтары үшін тәулік бойғы шұғыл байланыс нөмірі: (+65) 8977 9341
Шұғыл байланыс нөміріне тек өмірге, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайларда хабарласу қажет.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 26 қаңтар 2026Пайдалы ақпаратКонсулдық алымды төлеу тәртібі мен төлем деректемелері



