ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік

ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік: ҚР-дан тыс жерде болған уақытында ҚР-да берілген жол жүру құжаттары жоғалған немесе мерзімі өткен жағдайларда, сондай-ақ азамат ҚР-ға шығарып жіберу жағдайда ресімделеді.

Құжаттар:

1. өтініш/шет мемлекеттің құзыретті органынан өтініш (Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының азаматын не Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберген немесе Қазақстан Республикасына берген жағдайларда);

2. шет мемлекеттің құзыретті органы берген, жеке басын куәландыратын құжаттың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгіну фактісін растайтын құжат (жоғалған немесе ұрланған жағдайда);

3. 3,5x4,5 см түсті фотосурет-2 дана;

4. жеке басын куәландыратын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы (болған жағдайда, жарамсыздық мерзімі өткен кезде), ал ол болмаған жағдайда - толтырылған сауалнама-өтініш;

5. консулдық алымды төлеу туралы құжат.

Толық ақпарат мына сілтеме арқылы қолжетімді:  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020642 

 

Жарияланған күні

20 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

20 желтоқсан 2022