Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау
Жарияланған күні: 20 желтоқсан 2022
Жаңарту күні: 28 наурыз 2025
Көру саны:162
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру.
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру.
- Құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру.
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардан басқа мәмілені (сенімхатты) куәландыру.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш.
- Құжаттың түпнұсқасы.
- Төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Сенімхатты ресімдеу үшін өтініш беруші:
- өтініш;
- өтініш берушінің төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- 1 жұмыс күні
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 25 еуро;
- Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру - 35 еуро;
- Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 25 еуро;
- Мәмілені (сенімхатты) куәландыру - 45 еуро.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Рига қ., Юра Алунана көшесі, 2
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Телефон арқылы хабарласыңыз: (+371) 672-43-028 және / немесе электрондық пошта: rigaconsulate@mfa.kz.
Жарияланған күні
20 желтоқсан 2022
Жаңарту күні
28 наурыз 2025
Түрі
Қызмет бағыты