Неке қию туралы куәлікті ресімдеу

Құжаттар:

1. некеге тұру туралы бірлескен өтініш;

 

2. некеге тұрушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар;

 

3. ҚР азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аударма ұсынылады;

 

4. уәкілетті органдар берген некеге тұрушылардың некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар;

 

5. бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі;

 

6. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

 

Некені тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар қосымша ұсынылады

Жарияланған күні

22 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

22 желтоқсан 2022