Некені бұзу туралы куәлікті ресімдеу

ҚР шет елдердегі мекемелерінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу және некені бұзу туралы куәлік беру ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша және некені бұзушылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары және мүлікті бөлуге байланысты даулар болмаған жағдайда ресімделеді.

Құжаттар:

1. некені бұзу туралы бірлескен өтініш;

2. некені бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар;

3. неке қию туралы қазақстандық куәлік (түпнұсқа);

4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Жарияланған күні

20 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

20 желтоқсан 2022