Латвия Жол қозғалысы қауіпсіздігі дирекциясының (CSDD) ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шет мемлекетте тіркелген (Еуропалық Одақтың, Еуропалық экономикалық аймақтың мүше елдерден және Швейцариядан басқа) көлік құралын Латвия аумағына кіргенге дейін кейіннен пайдалану үшін декларациялау қажеттілігі туралы талаптар күшіне енеді.
Аталған рәсімді қажетті ақпаратты толтыру арқылы Дирекцияның сайтында (https://e.csdd.lv/) өтуге болады.
Шетелдік өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің автокөлік құралдары, сондай-ақ Латвия аумағы арқылы транзиттік жол жүру шектеулікке жатпайды.
Талап үш айдан астам уақыт бойы қолданылатын көлік құралын тіркеу қажеттілігін жоймайды.