Қазақстан мен Карлов университеті білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Карлов университеті білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуда

2026 жылғы 26 қазан, Прага - Прагада Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Чехиядағы ең көне жоғары оқу орны - Карлов университетінің ректоры Иржи Зимамен кездесуі өтті. 1348 жылы негізі қаланған бұл оқу орны елдің білім беру және ғылыми өмірінде маңызды орын алады. Қазіргі таңда университетте Қазақстаннан келген 200-ден астам студент білім алуда.

Қазақстанға жасаған сапарларын және Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен орнатқан байланыстарын жылы лебізбен еске алған профессор И. Зима Қазақстан университеттерімен білім беру және ғылыми қызметтің түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Тараптар жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу перспективаларын талқылады.

Қайрат Әбдірахманов Карл университетінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына қазақстандық жастарға көрсетіп отырған қамқорлығы және сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім алуға жасалған мүмкіндіктері үшін алғыс білдірді. Студент жастар екі ел арасындағы маңызды байланыстырушы буынға айналып, екі халықтың достығы мен өзара түсіністігін нығайтуға үлес қосып келеді, сондай-ақ көптеген мәдени және гуманитарлық жобаларға қатысуда.

Тараптар жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби байланыстарды тереңдетуге, қолданыстағы өзара түсіністік туралы меморандумдарды іске асыруға жәрдемдесуге, жаңа университеттік және ғылыми-зерттеу байланыстарын орнатуға дайын екендіктерін растады.