Меню

Страницы

Статья

Экономикалық ынтымақтастық

Бүгінгі күнге Франция Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады, ал француз компаниялары еліміздің экономикасында ең ірі инвесторлардың қатарына кіреді.

2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестицияларының көлемі 20,6 млрд. долл. асты. Біздің елімізде француз капиталының қатысуымен «Total», «Orano», «Airbus», «Vicat», «Air Liquide», «Alstom», «Idemia», «Saint-Gobain», «Danone», «Lactalis» және т.б. компаниялар сияқты жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыратын 200 астам кәсіпорын сәтті жұмыс атқарып жүр. Бірлескен жобалардың қатарына электровоздар, теміржол техника, авиациялық өнеркәсібі үшін титан өнімдері, сондай-ақ фармацевтика және тамақ өнімдерінің өндірісі кіреді. Ғарыш саласы, «жасыл экономика», энергетика және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы шартқа қол қою күнінен бастап (2008 ж.), екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 50 млрд. долл. асты. Қазақстандық экспорттың негізгі баптарына мұнай, металлдар мен металөнімдер, химиялық өнімдер кіреді. Қазақстан Франциядан электрикалық, электрондық және механикалық жабдықтарды, тұтыну тауарларды, дәрі-дәрмектер мен косметиканы, автокөліктерді, азық-түлікті, құрылыс материалдарды импорттайды.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық тарапынан тең төрағасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нагаспаев, ал француз тарапынан - Еуропа және сыртқы істер министрлігі жанындағы Уәкілетті министрі Н.Форисье. ҮАК-тың 16-шы отырысы 2025 ж. желтоқсан айында Парижде өтті.

Соныме қатар, бизнес өкілдері Іскерлік кеңесінің отырыстары арқылы жүйелі түрде кездеседі. Қазақстан тарапынан Іскерлік кеңесінің төрағасы «Визор Холдинг» АҚ басшысы А. Кәрібжанов, ал француз тарапынан - «Vicat» компанияның Президенті Г. Сидос болып табылады.

 

Дата публикации
04 февраля 2020
Дата обновления
22 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
29 мая 2025
Памятка для граждан РК
Ақпарат
29 мая 2025
Консулдық алым ставкалары
Ақпарат
23 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Twitter
Facebook
youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары